«Барыс» тағы жеңілді
Қазақстандық «Барыс» командасы 31 қаңтар күні Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті ойынын Ресейдің Хабаровск қаласында жергілікті «Амур» клубына қарсы өткізді.
Кездесудің алғашқы кезеңінде қазақстандық ұжым есеп ашты. 10-минутта Кирилл Ляпунов мергендік танытып, командасын алға шығарды. Екінші кезеңде қос тарап та шабуылда сәттілікке жете алмады.
Үшінші кезеңнің соңына қарай алаң иелері таразы басын теңестірді. 58-минутта Ярослав Лихачев «Амур» сапынан есепті 1:1-ге жеткізді. Негізгі уақыт тең аяқталып, матч овертаймға ұласты. Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталмай, буллит сериясында хабаровскілік клуб жеңіске жетті.
Матч нәтижесі
«Амур» (Хабаровск, Ресей) – «Барыс» (Астана, Қазақстан) 2:1 Б
(0:1, 0:0, 1:0, 0:0, 1:0)
Шайба соққандар:
0:1 – Ляпунов (Данияр, Симонов) – 09:25
1:1 – Лихачёв (Рыков, Гальченюк) – 57:04
2:1 – Броадхёрст – 65:00 (буллит)
Қақпашылар: Дорожко – Бояркин
Осылайша, «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді. Турнир кестесінде астаналық команда 39 ұпаймен 19-орында тұр. Ал «Амур» 41 ұпай жинап, 18-орынға жайғасқан.
Айта кетейік, қос команда арасындағы келесі матч 2 ақпан күні Хабаровск қаласында өтеді.
Фото: «Барыс» ХК баспасөз қызметі
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған