457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» сырт алаңдағы матчта буллит сериясында «Сібірге» есе жіберді

Екінші кезеңде астаналықтар бастаманы өз қолына алып, бірнеше нәтижелі позициялық шабуыл ұйымдастырды

«Барыс» хоккей клубы Новосибирскіде жергілікті «Сібір» командасымен кездесіп, есе жіберді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Астаналық ұжымның жаттықтырушылар штабы бұл ойында ойыншылар құрамын айтарлықтай өзгертіп, барлық шабуыл үштіктері мен қорғаушылар жұптарын қайта жасақтады. Бұл шешім құрамға Роман Старченко мен Иван Николишиннің қосылуына байланысты қабылданды.

Айта кету керек, дәл осы ойында Старченко (№48) Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) барлық 18 маусымына қатысқан алтыншы ойыншы атанды. «Барыстың» қақпасын Андрей Шутов қорғады.

Кездесудің бірінші кезеңінде қос команда да бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, екі қақпашы да өз шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті. Бір сәтте «Сібір» ойыншысы Никита Сошниковтың соққысынан кейін «Барыс» қақпасын бағана аман алып қалды. Екінші кезеңде астаналықтар бастаманы өз қолына алып, бірнеше нәтижелі позициялық шабуыл ұйымдастырды. Алайда есеп ашылмады. Үшінші кезең мен овертаймда да таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Ойын тағдыры буллит сериясында шешілді. Бұл сәтте айдын иелері дәлірек соққылар жасап, жеңісті жұлып әкетті. Нәтижесінде, «Сібір» өз алаңында қосымша ұпайға ие болды.

Ойын нәтижесі:
«Сібір» – «Барыс» 1:0 Б (0:0, 0:0, 0:0, 0:0, 1:0)
Гол: 65:00 – Сошников Б.
Қақпашылар: Доминг – Шутов
Өткізу орны: «Сибирь-Арена», көрермен саны – 11 498

Михаил Кравец жаттықтыратын «Барыс» келесі ойынын 7 қазан күні Қазанда, жергілікті «Ак Барс» командасына қарсы өткізеді.

Фото: "Барыс" ХК