«Барыс» сырт алаңда «Металлургтен» ойсырай жеңілді

Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясында қазақстандық «Барыс» командасы Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) клубымен кездесіп, 1:5 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кездесуде есепті ресейлік команда ашты - 13-минутта Роман Канцеров шайба соқты. Кейін Никита Михайлис (22'), Люк Джонсон (28') және Алексей Маклюков (39') өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланып, «Металлург» айқын басымдыққа шықты.
«Барыс» сапынан жалғыз шайбаны 48-минутта Джейк Масси соқты. Алайда араға төрт минут салып, Дерек Барак есепті 5:1-ге жеткізді.
Осылайша елордалық клуб бұл маусымдағы кезекті жеңілісіне ұшырады. Жалпы, екі команда бұған дейін 73 рет кездескен. Соның 24-інде «Барыс» жеңіске жетсе, қалған матчтарда «Металлург» басым болды. Соңғы бес ойынның үшеуінде де қазақстандық клуб жеңілген.
Енді «Барыс» келесі ойынын 20 қыркүйекте Ресейдің «Северсталь» (Череповец) клубына қарсы өткізеді. Ал 22 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасымен ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін «Барыс» өз алаңында Ресейдің «Трактор» (4:3, овертайм), «Амур» (4:3, буллит), «Динамо» (5:2) командаларын жеңіп, Беларусьтің «Динамосына» (1:3) жол берген болатын.
Фото: "Барыс" ХК


Ең көп оқылған
