«Барыс» қатарынан төртінші рет жеңілді
«Барыс» 28 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті кездесуін Ресейде өткізіп, мәскеулік «Спартак» командасынан 3:5 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу басында елордалық клуб өте белсенді ойын көрсетті. Бірінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер екі шайба соғып, алға шықты. Алдымен 1-минутта Уолш (Савицкийдің пасынан) есеп ашса, 11-минутта Веккьоне (Уолш пен Уиллманның қатысуымен) есепті 2:0-ге жеткізді. Мәскеулік клуб алғашқы кезең соңына қарай бір шайбамен жауап қатты – 1:2.
Екінші кезеңде алаң иелері қарқынын үдетті. 25-минутта Павел Порядин таразы басын теңестірсе (2:2), 30-минутта Никита Коростелёв «Спартакты» алғаш рет алға шығарды – 3:2. 39-минутта Демид Мансуров тағы бір шайба соғып, есепті 4:2-ге жеткізді.
Үшінші кезеңде 48-минутта Мансуров дубль авторы атанып, есеп айырмасын ұлғайтты – 5:2. Матчтың соңғы минутында Уолш тағы бір гол соғып, қорытынды есепті 5:3 етіп белгіледі.
«Спартак» (Мәскеу, Ресей) – «Барыс» (Астана, Қазақстан) – 5:3 (1:2, 3:0, 1:1)
Қақпашылар: Георгиев – Шил (Шутов, 40:00–60:00)
Осылайша, «Барыс» қатарынан төртінші рет жеңіліс тапты. Қазіргі таңда астаналық клуб 61 ойыннан кейін 47 ұпай жинап, Шығыс конференциясында оныншы, яғни соңғының алдындағы орында тұр.
Ал «Спартак» 60 матчтан кейін 70 ұпаймен Батыс конференциясында алтыншы сатыға жайғасты.
Елорда клубы келесі ойынын 2 наурыз күні сырт алаңда СКА командасына қарсы өткізеді. Матч Санкт-Петербург қаласында өтеді.
Фото: «Барыс» клубының баспасөз қызметі
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған