457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты

Клуб өкілдері мен футболшы арасында нақты келіссөз жаздың басында өткен. Алайда «Астананың» қорғаушысы Дағыстанға көшуге келісім бермеген.

Әлібек Қасым Ресей Премьер-лигасының үздік бестігіндегі клубтан түскен ұсыныстан бас тартты, деп хабарлайды malimsports.kz. 

«Астана» және Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасым Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін махачкалалық «Динамо» клубының ұсынысын қабылдамаған. Бұл туралы Sports.kz AmanVIBE дерегіне сілтеме жасап мәлімдеді. 

Ақпаратқа сәйкес, клуб өкілдері мен футболшы арасында нақты келіссөз жаздың басында өткен. Алайда «Астананың» қорғаушысы Дағыстанға көшуден бас тартқан.

«Соңғы уақытта клубта инвестордың болмауына байланысты туындаған мәселелер аясында команда футболшыларына басқа клубтардан түсетін ұсыныстар саны артып келе жатқанын байқауға болады», – деп жазады дереккөз.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының қазіргі маусымында «Астана» 21 матчтан кейін 39 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында тұр.

Ал махачкалалық «Динамо» Ресей Премьер-лигасының бес турынан кейін 9 ұпаймен бесінші сатыда орналасқан.

Фото: Ашық дереккөзден 

Ең көп оқылған