Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті матчын Ресейдің Ярославль қаласында «Локомотивке» қарсы өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
«Барыс» пен «Локомотив» бұған дейін 32 рет кездесіп, оның тек 10-ында ғана елордалық клуб жеңіске жеткен. Соңғы бес матчтың біреуінде ғана «Барыс» осы қарсыласынан басым түскен. Оның үстіне «Локомотив» биыл маусымды сәтті өткізіп, 38 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында келеді.
Кездесу елордалық ұжым үшін жақсы басталды. Ойынның 18-минутында Әлихан Өмірбеков есеп ашты.
Үшінші кезеңде «Барыс» басымдығын арттыра түсті. 46-минутта Семён Симонов есепті еселесе, 50-минутта Аңсар Шайхмедденов тағы бір шайба соқты.
54-минутта Эмиль Галимов кездесудің соңғы нүктесін қойып, қорытынды есепті белгіледі – 4:0.
Осылайша, «Барыс» биылғы маусымдағы сырт алаңдағы алғашқы жеңісін қоржынға салды.
Келесі матчта елордалық команда 17 қарашада сырт айдында «Сочимен» кездеседі.
Фото: "Барыс" ХК