457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» сенсация жасады: 2025 жылғы соңғы матчта «Авангардты» тізе бүктірді

Матчтың алғашқы кезеңінде «Барыс» белсенді ойнап, қарсылас қақпасына бір шайба соқты

Қазақстандық Барыс Құрлықтық хоккей лигасындағы 2025 жылғы соңғы ойынын жеңіспен аяқтады. Астаналық клуб Ресейде Омбының Авангард командасын 4:2 есебімен жеңіп, жанкүйерлерін қуантты.

Кездесу 30 желтоқсанда өтті. Матчтың алғашқы кезеңінде «Барыс» белсенді ойнап, қарсылас қақпасына бір шайба соқты. Екінші кезеңде алаң иелері есепті теңестіргенімен, қазақстандықтар екі мәрте дәл соққы жасап, басымдықты өз қолында ұстады. Үшінші кезеңде «Авангард» есеп айырмасын қысқартқанымен, ойын соңында «Барыс» бос қақпаға шайба салып, жеңісті нықтады.

Матч нәтижесі:

Авангард (Омбы) – Барыс (Астана) 2:4 (0:1, 1:2, 1:1)

Шайбалар авторлары:
0:1 – Логвин (Морелли, Уолш) – 12:34
0:2 – Алихан Асетов – 22:55
1:2 – Василий Пономарёв – 26:27
1:3 – Кирилл Панюков (Асетов, Шайхмедденов) – 35:25
2:3 – Марсель Ибрагимов – 51:38
2:4 – Мэйсон Морелли (Веккьоне, Бояркин) – 59:37

Қақпашылар: Серебряков – Бояркин

Екінші кезеңде «Барыс» тіпті азшылықта ойнаса да, қарсы шабуылды сәтті аяқтап, есепті 2:0-ге жеткізді. Үшінші кезеңде «Авангард» қысым күшейткенмен, соңғы минутта қақпашысын алып тастаған сәтте Морелли шайбаны бос қақпаға дарытып, матч тағдырын шешті.

Бұл жеңістен кейін «Барыс» 36 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 9-орынға көтерілді. Ал 55 ұпайы бар «Авангард» конференцияда екінші орнында қалды.

Енді астаналық клубты төрт сырт алаңдағы матч күтіп тұр. «Барыс» 2026 жылғы 6 қаңтарда Торпедо, 8 қаңтарда «Ак Барс», 10 қаңтарда «Салават Юлаев», ал 12 қаңтарда «Автомобилист» командаларына қарсы ойнайды.