Мәзір
Хоккей

«Барыс» ҚХЛ көшбасшысымен кездеседі

Сабина Асқарқызы 134 қаралым
«Барыс» ҚХЛ көшбасшысымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы 29 қараша күні Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті матчын Ресейдің Магнитогорск қаласында «Металлургпен» өткізеді.

Ойын Қазақстан уақытымен 16:30-де басталады. Матчтың тікелей эфирін Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Қарсыластар бұған дейін 75 рет жолығып, соның 24-інде елордалық клуб жеңіске жеткен. Қалған ойындарда «Металлург» басым түсті.

«Барыс» үшін жағымсыз статистика – соңғы бес матчта қазақстандық команда Магнитогорск ұжымынан жеңіліп келеді.

Турнир кестесінде жағдай келесідей:

«Барыс» – 27 ұпай, 19-орын

«Металлург» – 48 ұпай.

Қарсыласы – Шығыс конференциясы мен жалпы лиганың көшбасшысы.

Соңғы ойындарда «Барыс» Уфада «Салават Юлаевтан» 4:7 есебімен ұтылса, «Металлург» өз айдынында «Авангардқа» 1:3 есебімен жол берді.

2024/25 маусымында қос команда екі рет кездесіп, екеуінде де «Барыс» жеңілді:

Магнитогорскіде – 1:5

Астанада – 1:4

Магнитогорскімен кездесуден кейін «Барыс» сырт айдындағы сапарын жалғастырып, 1 желтоқсанда Новосібірдің «Сибирь» клубына қарсы ойнайды.

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар