457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» ҚХЛ-дің 2025/2026 жылғы маусымын қорытындылады

Команда 68 матч өткізіп, соның 21-де негізгі уақыттағы жеңіске жетті

Елорданың «Барысы» ҚХЛ-дің тұрақты чемпионатында 54 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 10-орынға (лиганың жалпы кестесінде 18-орын) тұрақтады. Бұл соңғы үш жылдағы ең үздік нәтиже, деп хабарлайды malimsports.kz.

Команда 68 матч өткізіп, соның 21-де негізгі уақыттағы жеңіске жетті, ал 12 ойында қосымша уақытта ұпай еншіледі. Ең ірі жеңіс 7 наурызда Шанхайда Shanghai Dragons командасына қарсы тіркелді – 8:4. Сол ойында Майкл Веккьоне хет-трик жасады. Ал ең ірі жеңіліс 2 наурызда тіркелді. Сол матчта «Барыс» СКА-дан 0:7 есебімен жеңілді.

«Барыс» ойыншылары бір маусымда 154 шайба соқты (орта есеппен 2,26 гол/ әр ойында), өз қақпаларына 208 шайба өткізіп алды (орта есеппен 3,06). Команда кем құрамда ойнау көрсеткіші бойынша лигада екінші орын алды (қарсыластың басымдығын 85,1% жағдайда тоқтатты).

Ең нәтижелі ойыншылар – Майкл Веккьоне (19 гол + 27 пас) және Райли Уолш (16 гол + 30 пас). Веккьоне 6 жеңіс шайбасын соғып, 7 рет басымдықта гол еншілеп, командадағы үздік атанды. Ал Уолш қорғаушылар арасында орта есеппен 22:25 ойын уақыты және 207 соққысымен көш бастады.

Жеті қазақстандық хоккейші – Дінмұхамед Қайыржан, Семён Симонов, Всеволод Логвин, Әлихан Өмірбеков, Ансар Шайхмедденов, Самат Данияр және Дмитрий Бреус – жеке рекордтарын жаңартты. Әлихан Әсетов өз көрсеткішін қайталады. Данияр, Өмірбеков және Уолш тұрақты чемпионаттағы барлық 68 матчқа қатысты.

Шайбаға таласу бойынша көшбасшылар: Майкл Веккьоне – 64,8% (184/284), орталық шабуылшылар арасында Аңсар Шайхмедденов – 53,3% (381 жеңіс). Джейк Масси пайдалы әрекет көрсеткіші бойынша (+5) алда тұр, ал Иэн Маккошен күштік әдістер бойынша көш бастап, 106 әрекетке қол жеткізді.

Маусымдағы матчтардың орташа келушілер саны 7 447 көрерменге жетті. Бұл Қазақстандағы рекордтық көрсеткіш, өткен маусыммен салыстырғанда +2 561 көрерменге өскен.

Фото: "Барыс" ХК