Мәзір
Хоккей

«Барыс» Қазан қаласында 140 секунд ішінде үш шайба соқты

Сабина Асқарқызы 248 қаралым
«Барыс» Қазан қаласында 140 секунд ішінде үш шайба соқты

Астананың «Барыс» клубы ҚХЛ-дың кезекті турында Қазанның «Ак Барс» командасымен өткен ойында жанкүйерлерін ерекше әсерге бөледі.

Үшінші кезеңнің басында «Барыс» 0:4 есебімен ұтылып жатқан. Алайда небәрі 140 секундта үш шайба соғып, кездесудің тартысын қайта оралтты:

45-минутта – Дінмұхамед Қайыржан көзге түсті;

46-минутта – Самат Данияр нәтижелі соққы жасады;

47-минутта – Всеволод Логвин қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Қазандықтар сапында шайбаларды Владимир Алистров (4-минут), Артем Галимов (17 және 19-минуттар) және Никита Лямкин (43-минут) соқты.

Кездесудің нәтижесі  – 3:4 «Ак Барс» пайдасына. Дегенмен, қысқа уақытта үш шайба соққан «Барыс» ерекше камбэгімен жанкүйерлерінің қошеметіне бөленді.

Астаналық клуб енді 9 қазан күні Челябіде «Трактормен» кездесу өткізеді.

Фото: "Барыс" хоккей клубы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар