«Барыс» қатарынан төртінші рет жеңілді
Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті матчында өз айдынында Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) клубын қабылдап, тағы да жеңіліске ұшырады.
Кездесу 5:2 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Бұл «Барыстың» қатарынан төртінші рет жеңілген матчы.
Ойынның алғашқы кезеңінде қос команда да есеп аша алмады. Негізгі шиеленіс екінші периодта басталды.
Есеп барысы:
24-минут – Никита Хоружев («Нефтехимик») – 0:1
26-минут – Андрей Белозеров («Нефтехимик») – 0:2
27-минут – Кирилл Панюков («Барыс») – 1:2
28-минут – Андрей Белозеров («Нефтехимик») – 1:3
34-минут – Дінмұхаммед Қайыржан («Барыс») – 2:3
48-минут – Иван Николишин («Нефтехимик») – 2:4
52-минут – Андрей Белозеров («Нефтехимик») – 2:5 (хет-трик)
Осылайша, Андрей Белозёров матчтың басты кейіпкеріне айналды – ол хет-трик авторы атанды.
Турнирлік жағдай:
23 кездесуден кейін «Барыстың» еншісінде 19 ұпай бар. Команда Шығыс конференциясында 8-орында тұр. Ал «Нефтехимик» 25 ұпаймен 6-орынға жайғасқан.
Алдағы ойындар:
«Барыс» алдағы төрт ойынды да өз айдынында өткізеді:
5 қараша – «Салават Юлаев» (Уфа)
7 қараша – «Автомобилист» (Екатеринбург)
9 қараша – «Металлург» (Магнитогорск).
Фото: ©ХК "Барыс"
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған