457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» 20 секундта камбэк жасағанымен жеңіліп қалды

Елорданың «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Череповец қаласында жергілікті «Северстальге» қарсы өткізді. Бұл кездесуде астаналық клуб 20 секунд ішінде екі гол соғып, алға шыққанымен, ақыры жеңісті уысынан шығарып алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Алғашқы кезеңде ресейлік Кирилл Пилипенко 5-минутта есеп ашты. Алайда көп ұзамай «Барыс» ойыншылары жауап қайтарды:

12-минутта Мейсон Морелли есепті теңестірді;

20 секундтан соң Владимир Волков командасын алға шығарды.

Осылайша бірінші кезең 2:1 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына аяқталды.

Екінші кезеңде жағдай өзгерді. 34-минутта тағы да Пилипенко гол соғып, таразы басын теңестірді. Бір минут өтпей жатып, Никита Камалов «Северстальді» алға шығарды — 3:2. Қалған уақытта есеп өзгермеді.

«Барыс» осылайша қатарынан екінші рет жеңіліске ұшырады. Бұған дейін олар Магнитогорскінің «Металлургынан» 1:5 есебімен ұтылған еді.

Астаналық команда енді 22 қыркүйекте сырт алаңда Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубымен кездеседі.

Биылғы маусымда «Барыс» сапын америкалық Иэн Маккош, Майкл Веккьоне, Райли Уолш, Тайс Томпсон, канадалық Джейк Масси, ресейлік Владимир Волков пен Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко және тағы басқа ойыншылар толықтырды.

Фото: «Барыс» ХК баспасөз қызметі