Мәзір
Хоккей

«Барыс» қатарынан бесінші матчта жеңіліс тапты

Сабина Асқарқызы 64 қаралым
«Барыс» қатарынан бесінші матчта жеңіліс тапты

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы 15 қаңтар күні Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасын қабылдады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ойын тартысты өтті. Бірінші кезеңде қонақтар есеп ашса, қалған екі кезеңде қос команда да қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады.

Нәтижесінде елордалық ұжым қарсыласына 0:1 есебімен жол берді. Бұл — «Барыстың» қатарынан бесінші жеңілісі.

Осы уақытқа дейін екі команда өзара 44 рет кездескен. Оның 23-інде «Барыс» жеңіске жетсе, қалған матчтарда «Нефтехимик» басым түскен.

Сондай-ақ соңғы бес ойынның үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласынан жеңілген.

 

 

Фото: "Барыс" ХК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар