Мәзір
Хоккей

«Барыс» өз айдынында СКА-дан ірі есеппен жеңілді

Сабина Асқарқызы 70 қаралым
«Барыс» өз айдынында СКА-дан ірі есеппен жеңілді

Елордада өткен Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында астаналық «Барыс» Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасымен кездесті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бірінші кезеңде қос команда да есеп аша алмады. Алайда екінші кезеңде қонақтар екі рет мергендік танытса, үшінші жиырма минуттықта тағы үш шайба соғып, ойын тағдырын шешті.

Кездесу 0:5 есебімен СКА-ның пайдасына аяқталды.

Шайбаларды Короткий (32:49), Плотников (33:14), Дишковский (44:56), Голдобин (47:15) және Хайруллин (57:12) соқты.

Осылайша елордалық клуб өз алаңында ірі есеппен жеңіліп қалды.

Енді «Барыс» алдағы төрт ойынын да Астанада өткізеді. 14 ақпанда «Ладамен» (Тольятти), 17 ақпанда «Металлургпен» (Магнитогорск), 20 ақпанда Қытайдың «Шанхай айдаһарларымен» (Шанхай), ал 22 ақпанда «Северстальмен» (Череповец) кездеседі.

 

 

Фото: "Барыс" ХК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар