Мәзір
Хоккей

«Барыс» өз айдынында «Шанхай айдаһарларынан» овертаймда жеңіліп қалды

Сабина Асқарқызы 115 қаралым
«Барыс» өз айдынында «Шанхай айдаһарларынан» овертаймда жеңіліп қалды

Елорданың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті ойынын Қытайдың Shanghai Dragons командасына қарсы матч өткізіп, овертаймда жеңіліп қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кездесу 3:4 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Бірінші кезеңде қазақстандық клуб үш шайба соғып, қарсылас бір голмен жауап берді. Екінші кезеңде есеп өзгермеді. Үшінші кезеңде қытайлық команда екі гол соғып, негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталды.

Овертаймда Shanghai Dragons жеңіс шайбасын соғып, матч тағдырын шешті.

Айта кетейік, «Барыс» соңғы екі жылда плей-оффқа шыға алмай келеді және биыл да үздік 16-лықтан тыс қалып отыр. Келесі ойынын 22 ақпанда өз алаңында Ресейдің Северсталь командасына қарсы өткізеді.

 

 

Фото: "Барыс" ХК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар