Елорданың «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті ойынын Астанада Омбының «Авангард» клубымен өткізіп, ірі есеппен жеңіліп қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ойынның алғашқы кезеңінде қонақтар жылдам гол соғып, есепте алға шықты. Екінші кезеңде «Авангард» қысқа уақыт ішінде төрт шайба енгізіп, басымдылықты арттырды. «Барыс» осы кезеңде бір голмен ғана жауап бере алды. Үшінші кезеңде елордалық клуб тағы бір шайба соққанымен, ойын тағдырын өзгерте алмады. Осылайша «Барыс» өз айдынында 2:5 есебімен жеңіліс тапты.
Келесі үш ойынды қазақстандық клуб сырт алаңда өткізеді. 27 қарашада «Салават Юлаевпен» (Ресей), 29 қарашада «Металлургпен» (Магнитогорск) және 1 желтоқсанда «Сібірмен» (Новосібір) кездеседі.
Фото: "Барыс" ХК