457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» легионер қақпашысына қомақты жалақы төлейді

«Барыстың» жаңа қақпашысы жылына 179 миллион теңге жалақы алады

Астаналық «Барыстың» жаңа қақпашысы Хантер Шепардтың клубпен жасасқан келісімшартының қаржылық мәліметтері белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

«Сила Спорта» таратқан ақпаратқа сәйкес, канадалық қақпашы бір жылдық келісімшарт аясында шамамен 179 миллион теңге жалақы алады.

Еске салсақ, 23 шілдеде «Барыс» 30 жастағы қақпашымен бір жылдық келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялаған болатын.

Шепард осы уақытқа дейінгі кәсіби мансабының барлығын Солтүстік Америкада өткізді. Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) «Вашингтон Кэпиталз» және «Оттава Сенаторз» клубтарының сапында ойнаса, Америкалық хоккей лигасында (АХЛ) «Белвилл Сенаторз» және «Лаваль Рокет» командаларының намысын қорғады.

Өткен маусымда ол ҰХЛ-де «Оттава» құрамында бір ғана матч өткізіп, 3,35 сенімділік коэффициентін және 83,3 пайыз қайтарылған соққы көрсеткішін тіркеді.

Ал AHL-де жалпы 19 ойынға қатысқан. Оның ішінде «Белвилл» сапында өткізген 15 матчта сенімділік коэффициенті 3,65, қайтарылған соққылар үлесі 88,5 пайыз болды. Кейін «Лаваль» құрамындағы 4 кездесуде бұл көрсеткіштер тиісінше 2,40 және 89,9 пайызды құрады.

 

Фото: ҰХЛ