457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» канадалық шабуылшымен келісімшартқа отырмақ

Астаналық «Барыс» хоккей клубы канадалық шабуылшы Гарретт Пилонмен келісімшарт жасауға жақын, деп хабарлайды malimsports.kz.

Инсайдер Артур Хайруллиннің мәліметінше, 28 жастағы хоккейші елордалық клубпен бір жылдық келісімшартқа отырады.

Бұған дейін Гарретт Пилонға Минскінің «Динамо» клубы да қызығушылық танытқан. Алайда «Барыстың» ұсынысы тиімдірек болғандықтан, канадалық шабуылшы Қазақстан клубын таңдаған.

Айта кетейік, Гарретт Пилон соңғы үш маусымда Америка хоккей лигасында (AHL) өнер көрсетіп, «Оттава Сенаторстың» фарм-клубы саналатын «Белвилл Сенаторс» сапында ойнады.

 

Фото: windspeaker.com.