457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» елордада «Адмиралды» ірі есеппен тізе бүктірді

«Барыс» енді келесі ойынын 1 қазанда өз айдынында өткізеді.

Астаналық «Барыс» өз мұз айдынында Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында Владивостоктың «Адмирал» командасын қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Алғашқы кезеңде командалар есеп аша алмады. Екінші кезеңде елордалықтар басымдықты қолға алып, қарсыласты қыспаққа алды:

26-минутта америкалық шабуылшы Мэйсон Морелли есеп ашты;

37-минутта қорғаушы Всеволод Логвин нәтижені еселей түсті – 2:0.

Үшінші кезеңнің 57-минутында жас шабуылшы Аңсар Шайхмедденов соңғы нүктені қойып, матчтың тағдырын шешті. Қорытынды есеп – 3:0.

Бұл – «Барыстың» қатарынан екінші жеңісі. Бұған дейін астаналықтар «Сибирьді» қос мәрте камбэк жасап, 6:4 есебімен ұтқан болатын.

«Барыс» енді келесі ойынын 1 қазанда өз айдынында өткізеді. Қарсылас – Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасы.

Айта кетейік, маусым алдында «Барыс» сапына бірқатар жаңа хоккейшілер қосылды. Атап айтқанда, америкалықтар Иэн Маккош, Майкл Веккьоне, Райли Уолш, Тайс Томпсон, канадалық Джейк Масси, ресейліктер Владимир Волков, Эмиль Галимов, сондай-ақ қазақстандық ойыншылар Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко команда құрамын толықтырды.

Фото: «Барыс» ХК баспасөз қызметі