«Барыс» елордада «Адмиралдан» жеңілді
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордада Ресейдің «Адмирал» командасымен шеберлік байқасып, 2:6 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Алғашқы кезеңде қос команда бір-бір шайбадан соқса, екінші кезеңде қонақтар екі рет дәл соққы жасады. Ал үшінші бөлікте тағы үш шайба енгізді. Айдын иелері бұл кезеңде бір шайбамен ғана жауап қатты.
Кездесуде елордалық клуб сапынан Томпсон мен Әсетов мергендік танытқанын айта кеткен жөн.
Осылайша, «Барыс» өз айдынында ірі есеппен жеңіліс тапты.
Келесі ойынын қазақстандық команда 20 наурызда сырт алаңда Ресейдің «Сибирь» клубына қарсы өткізеді.
Фото: "Барыс" ХК
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған