457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» екі рет алға шыққанымен, «Салават Юлаевтан» жеңіліп қалды

Ойын қазақстандық клуб үшін өте жақсы басталды

Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті матчын Ресейдің Уфа қаласында өткізіп, «Салават Юлаевқа» 4:7 есебімен жол берді.

Ойын қазақстандық клуб үшін өте жақсы басталды. Алғашқы кезеңде Макс Уиллман мен Майкл Веккьоне дәл соққымен көзге түсіп, «Барысты» алға шығарды. Дегенмен алғашқы 20 минуттықтың соңында уфалық Девин Броссо есепті қысқартты.

Екінші кезеңде голдар көп болды. «Барыстан» Райли Уолш таблодағы көрсеткішті ұлғайтса, алайда Шелдон Ремпал мен Джек Родевальд «Салават Юлаевты» қайта ойынға қайтарды – 3:3.

Үшінші кезеңде ойын толықтай айдын қожайындарының пайдасына шешілді. Дин Стюарт, Шелдон Ремпал, Артём Пименов және Девин Броссо соққан шайбалар матч тағдырын айқындады. «Барыс» тек бір-ақ рет жауап қайырды. Атап айтсақ, 43-минутта Макс Уиллман дубль авторы атанды.

Финалдық есеп: 7:4 – «Салават Юлаевтың» пайдасына.

Алдағы матчтар:
29 қараша – «Металлург» (Магнитогорск)
 1 желтоқсан – «Сибирь» (Новосибирск)

Екі кездесу де сырт айдында өтеді.

Фото: "Барыс" ХК