Мәзір
Хоккей

«Барыс» бүгін сырт алаңда «Ладамен» кездеседі

Сабина Асқарқызы 99 қаралым
«Барыс» бүгін сырт алаңда «Ладамен» кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы 20 қаңтарда Континентальды хоккей лигасының ойын шеңберінде Ресейдің «Лада» (Тольятти) клубымен кездеседі, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ойын Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін екі команда 20 рет жолығысып, оның 10-ын «Барыс» жеңіспен аяқтаған. Ал қалған кездесулерде ресейлік клуб алға шыққан. Соңғы бес кездесудің төртеуінде «Барыс» жеңіліс тапқан.

Турнир кестесінде «Барыс» 37 ұпаймен 19-орында, ал «Лада» 32 ұпаймен 22-орында тұр.

Қазақстандық клуб алдағы ойындарын да Ресейде өткізеді: 22 қаңтарда ЦСКА-мен, ал 24 қаңтарда «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен кездеседі.

 

 

Фото: "Барыс" ХК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар