457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» бүгін Ресейде «Торпедомен» кездеседі

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 6 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Торпедо» (Нижний Новгород) командасына қарсы өткізеді, деп жазады malimsports.kz
Қазақпараттың жазуынша, кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 43 мәрте шеберлік байқасты. Оның 22-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.
Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 36 ұпаймен 18-орынға жайғасса, «Торпедо» 50 ұпаймен 8-орында келеді.

Алдағы ойындарға «Барыстың» құрамы

Қақпашылар: Никита Бояркин, Адам Шил, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Райли Уолш.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Майкл Веккьоне, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Максим Мухаметов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Макс Уиллман, Ансар Шайхмедденов.

Қазақстандық клуб бұдан кейін үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 8 қаңтарда Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) клубымен кездессе, 10 қаңтарда «Салават Юлаев» (Уфа), 12 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) командаларымен шеберлік байқасады.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform