457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» бүгін Ресейде «Нефтехимикпен» кездеседі

, «Барыс» соңғы тоғыз матчта небәрі екі жеңіске жетіп, жеті рет жеңіліс тапты.

Қазақстандық Барыс командасы бүгін, 24 қаңтарда, Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде Нефтехимик (Нижнекамск) клубына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда осыған дейін 45 рет кездескен. Оның 23-інде елордалық ұжым жеңіске жетсе, қалған матчтарда ресейлік команда басым түскен. Соңғы бес ойында «Барыс» қарсыласына төрт мәрте жол берді.

Турнирлік кестеде «Барыс» 50 ойыннан кейін 39 ұпай жинап, Шығыс конференциясында оныншы (соңғыдан біріншi) орында тұр. Ал «Нефтехимик» 49 ойыннан кейін 55 ұпаймен Шығыста бесінші сатыға жайғасқан.

Айта кетейік, «Барыс» соңғы тоғыз матчта небәрі екі жеңіске жетіп, жеті рет жеңіліс тапты.

Қазақстандық клуб келесі ойынын елордада өткізіп, 28 қаңтарда Адмирал (Владивосток) командасын қабылдайды.

Фото: «Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметі