457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» бүгін елордада «Тракторды» қабылдайды

Екі команда осы уақытқа дейін 59 рет кездескен

Қазақстандық Барыс хоккей командасы бүгін, 23 желтоқсанда, Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуін елордада Ресейдің Трактор (Челябі) командасына қарсы өткізеді.

Екі команда осы уақытқа дейін 59 рет кездескен. Оның 29-ында «Барыс» жеңіске жетсе, қалған матчтарда ресейлік клуб басым түскен. Ал соңғы бес ойында қазақстандық команда төрт рет қарсыласына есе жіберді.

Қазіргі таңда ҚХЛ турнир кестесінде «Барыс» 34 ұпаймен 17-орында тұр. Ал «Трактор» 35 ұпаймен 15-орынға жайғасқан.

Айта кетейік, биылғы маусымда командалар үш рет жолықты. Бұл кездесулердің бірінде «Барыс» 4:3 есебімен овертаймда жеңіске жетсе, қалған екі ойында 2:3 (ОТ) және 3:6 есебімен жеңілді.

Қазақстандық клуб бұдан кейінгі екі матчты да өз алаңында өткізеді:

25 желтоқсан – Ресейдің Автомобилист (Екатеринбург) клубына қарсы;

27 желтоқсан – Амур (Хабаровск) командасымен.

Елордадағы бұл ойындар «Барыс» үшін турнирлік жағдайын жақсартуға жақсы мүмкіндік болмақ.

Фото: «Барыстың» баспасөз қызметі