Мәзір
Хоккей

«Барыс» бүгін елордада СКА командасымен ойнайды

Сабина Асқарқызы 65 қаралым
«Барыс» бүгін елордада СКА командасымен ойнайды

Елорданың «Барысы» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасымен өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ойын Қазақстан уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Командалар бұған дейін 56 рет кездескен, оның 25-і «Барыстың» басымдығымен аяқталған, қалғанында СКА жеңіске жеткен. Соңғы бес кездесуде қазақстандық клуб қарсыласынан жеңілген.

Қазіргі турнир кестесінде «Барыс» 42 ұпаймен 19-орында, ал СКА 60 ұпаймен 12-орында тұр.

Бұдан кейін «Барыс» елордада тағы төрт ойын өткізеді:

14 ақпанда – «Лада» (Тольятти)

17 ақпанда – «Металлург» (Магнитогорск)

20 ақпанда – «Шанхай айдаһарлары» (Шанхай)

22 ақпанда – «Северсталь» (Череповец)

 

 

Фото: "Барыс" хк

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар