457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» бүгін елордада «Сибирь» командасымен кездеседі

Ойын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы 7 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті ойынын өткізеді.

 Елордада өтетін матчта қарсылас – Новосібірдің «Сибирь» командасы.

Кездесу Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады. Ойын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, сондай-ақ арнаның ресми сайтында онлайн тамашалауға мүмкіндік бар.

Командалардың жағдайы

«Барыс» - 29 ұпай, Шығыс конференциясында 18-орын

«Сибирь» - 24 ұпай, 20-орын

Командалар бұған дейін 69 рет кездескен. Соның 28 матчында «Барыс» жеңіске жетсе, қалған ойындарда ресейлік клуб басым болған. Соңғы бес кездесудің төртеуінде «Сибирь» жеңіске жеткен.

Соңғы матч 1 желтоқсанда Новосібірде өткен. Онда «Сибирь» «Барысты» 4:1 есебімен ұтқан.

«Барыстың» лазаретінде жалғыз ойыншы бар – канадалық қорғаушы Тайлер Уотерспун.

Алдағы ойындар

Елордадағы кездесуден кейін «Барыс» қысқа сырт алаңдағы серианы бастайды:

16 желтоқсан – «Автомобилист» (Екатеринбург)

18 желтоқсан – «Динамо» (Мәскеу)

Айта кетейік, алдыңғы матчта «Барыс» өз айдынында «Спартакты» овертаймда жеңген болатын.

Фото: «Барыс» хоккей клубы