Мәзір
Хоккей

«Барыс» бүгін елордада «Авангардқа» қарсы ойнайды

Сабина Асқарқызы 151 қаралым
«Барыс» бүгін елордада «Авангардқа» қарсы ойнайды

Бүгін, 16 қазан күні Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясында елордалық «Барыс» өз алаңында Омбының «Авангард» командасын қабылдайды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде «Барыс» аталған қарсыласына жол берген. Қазіргі таңда турнир кестесінде елордалық команда 14 ұпаймен 16-орында болса, «Авангард» 22 ұпай жинап, екінші орынға көтерілген.

Кездесу елорда уақытымен 19:30-да басталады. Тікелей эфирді «Qazsport» телеарнасы көрсетеді.

«Барыс» бұл ойыннан кейін де өз алаңында екі матч өткізеді: 18 қазанда Қазанның «Ак Барсымен», ал 24 қазанда Хабаровскінің «Амурымен» кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін «Барыс» қатарынан алтыншы рет жеңіліс тапқан болатын.

 

Фото: Барыс хоккей клубы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар