457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» бірнеше жас хоккейшімен келісімшарт жасасты

Астаналық «Барыс» клубы жаңа ҚХЛ маусымына дайындықты бастайды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бүгін оқу-жаттығу жиынына екіжақты келісімшарты бар хоккейшілер кіріссе, 1 тамыздан бастап оларға біржақты келісімшартқа отырған ойыншылар қосылады.

«ХоккейРу» Telegram арнасының мәліметінше, клуб 2009 жылы туған қорғаушы Кирилл Задорожный мен шабуылшы Рауан Қайыржанмен үш маусымға арналған алғашқы кәсіби келісімшартқа қол қойған.

Сонымен қатар «Барыс» 31 тамызға дейін қорғаушылар Дәнир Өтеев (2009), Мәжит Имашев (2007), сондай-ақ шабуылшылар Богдан Залевский (2008 ), Михаил Коленко (2008) және Артём Коротковпен (2009) сынақ келісімшарттарын рәсімдеді.

Маусымалды дайындық аясында 17-20 тамыз аралығында елордалық клуб Уфада өтетін Башқұртстан Республикасы кубогына қатысады. Турнирде «Барыс» «Салават Юлаев», «Амур» және «Лада» командаларымен кездеседі.

Одан кейін 27-30 тамыз күндері Михаил Кравец шәкірттері Санкт-Петербургте өтетін Николай Пучков атындағы турнирде СКА, «Адмирал» және «СКА-ВМФ» клубтарына қарсы ойнайды.

ҚХЛ-дың 2026/27 жылғы маусымына дайындықтың соңғы кезеңі 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында «Барыс Аренада» өтеді.

Айта кетейік, «Барыс» жаңа маусымдағы алғашқы кездесуін 7 қыркүйекте өз айдынында өткізіп, Новосібірдің «Сібір» клубын қабылдайды.

 

Фото: "Барыс" ХК