457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» аутсайдермен ойын алдында жағымсыз жаңалық айтты

Петуховтың айтуынша, екі команданың да қорғаныста күрделі мәселелері бар.

Өскемендік «Торпедо» клубының бұрынғы вице-президенті Юрий Петухов КХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясында өтетін Новосибирьдің «Сибирі» мен Астананың «Барысы» арасындағы матчқа қатысты өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Петуховтың айтуынша, екі команданың да қорғаныста күрделі мәселелері бар.

«Сібір» соңғы екі ойында «Автомобилист» пен «Локомотивтен» ұтылып, әр матчта төрт шайбы жіберді. «Барыс» үш ойын қатарынан жеңіліп, бес және одан да көп шайбы өткізіп алды. Қорғаныста да, шабуылда да ойыны жүрмей тұр. Қағаз жүзінде «Барыс» мықтырақ көрінеді, бірақ «Сібірдің» өз алаңы бар - бұл әрдайым қуатты «алтыншы ойыншы». Матч қиын болады деп ойлаймын. Қайсысын фаворит деу қиын, дегенмен менің ойымша, «Сібір» жеңеді. «Барыс» қорғаныста тым көп қателік жібереді, - деді маман.

Айта кетейік, матч бүгін Новосибирскіде өтеді және Қазақстан уақытымен 17:30-да басталады.