457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» Астанада Минскінің «Динамо» клубын қабылдайды

Екі команда бұған дейін 33 мәрте кездескен.

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы бүгін, 13 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуін өткізеді. Елордада өтетін ойында қазақстандық команда Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубын қабылдайды.

Матч сағат 17:00-де басталып, оны «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қарсыластар тарихы

Екі команда бұған дейін 33 мәрте кездескен. Соның ішінде 14 ойында «Барыс» жеңіске жетсе, қалған кездесулерде қарсылас мықтылық танытқан. Соңғы бес ойында қазақстандық клуб төрт рет минскіліктерге жол берген.

Маусым алдындағы дайындық және жаңа құрам

Жаңа маусымға дайындық барысында «Барыс» Астанада өткен екі бақылау ойынында ресейлік «Сибирь» (Новосібір) командасын жеңген (3:2, 3:1). Бұдан бөлек, қазақстандық ұжым маусымның алғашқы кездесулерінде «Тракторды» (4:3, овертайм) және «Амурды» (4:3, буллит) тізе бүктірген.

Биылғы маусымға команда құрамын бірқатар жаңа ойыншылар толықтырды. Олардың қатарында америкалық хоккейшілер Иэн Маккош, Майкл Веккьоне, Райли Уолш, Тайс Томпсон, канадалық Джейк Масси, ресейлік Владимир Волков, Эмиль Галимов, сондай-ақ қазақстандық Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко және басқа да спортшылар бар.

Фото: hcbarys.kz