457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» Астанада ЦСКА командасынан басым түсті

«Барыс» қарсыласын 3:1 есебімен жеңді.

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz
Қазақпараттың жазуынша, бірінші кезеңде елордалық команда бір шайба соғып кетті. Екінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде қазақстандық клуб екі шайба енгізсе, оған ресейлік хоккейшілер бір голмен жауап берді.
«Барыс» (Астана) — ЦСКА (Мәскеу, Ресей) 3:1 (1:0, 0:0, 2:1)
1:0 — Томпсон (Морелли) — 13:00
2:0 — Веккьоне (Уолш, Морелли) — 53:24
2:1 — Соркин (Полтапов, Карнаухов) — 56:37
3:1 — Веккьоне (Шил) — 59:23
Қақпашылар: Шил — Самонов
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті. Олар бұдан бұрын қатарынан бес мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан еді.
Қазірге дейін командалар 33 мәрте шеберлік байқасты. Оның 9-ы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.
Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан кейін үш ойынын Ресейде өткізеді. Алдымен 20 қаңтарда Ресейдің «Лада» (Тольятти) клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 22 қаңтарда ЦСКА, 24 қаңтарда «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен ойнайды. 

Фото: «Барыс» хоккей клубы