Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында астаналық «Барыс» өз айдынында Хабаровскінің «Амур» командасын қабылдады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Елордада өткен кездесуде қазақстандық ұжым 1:4 есебімен жеңіліс тапты. «Барыс» сапындағы жалғыз шайбаны екінші кезеңде Панюков соқты. Қонақтар қатарынан Шварев, Филатьев, Ураков және Гиздатуллин көзге түсті.
Бұл нәтиже «Барыс» үшін қатарынан төртінші жеңіліс болды. Айта кетерлігі, осы төрт матчтың барлығы өз алаңында өтті.
Қазіргі уақытта елордалық клуб 34 ұпаймен ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 9-орында орналасқан. Михаил Кравец шәкірттері келесі ойынын 30 желтоқсанда «Авангардқа» қарсы өткізеді.
Фото: "Барыс" ХК