457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» 42 секундта екі шайба соқты

ҚХЛ-дың жаңа маусымында «Барыс» алғашқы үш кездесуін өз айдынында өткізеді

Астанада өткен бақылау кездесуінде елордалық «Барыс» хоккей клубы Новосібірдің «Сибирь» командасынан 3:1 есебімен басым түсті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Матчтың алғашқы кезеңінде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде қазақстандық клуб белсенді ойнап, Кирилл Савицкий мен Джейк Масси соққан шайбаларымен алға шықты. Қонақтардан Скотт Уилсон бір голмен жауап бергенімен, кездесудің соңына қарай Әлихан Әсетов шешуші шайбаны соғып, қорытынды есепті белгіледі.

Енді қос команда 2 қыркүйекте тағы бір жолдастық ойын өткізеді. Ал ҚХЛ-дың жаңа маусымында «Барыс» алғашқы үш кездесуін өз айдынында өткізеді: 7 қыркүйекте «Трактор», 9 қыркүйекте «Амур» және 13 қыркүйекте «Динамо Минск» клубтарына қарсы ойнайды.

Фото: «Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметі