457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өз мәресіне жетті

Астана қаласындағы «Тарлан» мұз айдынында пара хоккейден B тобы арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті

6–11 қыркүйек аралығында Астана қаласындағы «Тарлан» мұз айдынында пара хоккейден B тобы арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz
Жарыстың қорытындысы бойынша чемпион атағын Италия құрамасы жеңіп алды. Күміс медальді Жапония құрамасы, ал қола медальді Швеция командасы иеленді. Қазақстан құрамасы төртінші орынға табан тіресе, Финляндия бесінші, Франция алтыншы орынға тұрақтады.
Қазақстан құрамасы турнир барысында алты ойын өткізіп, оның екеуінде жеңіске жетті. Ойындарда ерекше көзге түскен Ерлік Боканов, Олег Басманов, Айдос Токтарбаев және Қуат Карипбаев «Ойынның үздік ойыншысы» номинациясын иеленді.

«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Бұл чемпионат елімізде пара хоккейдің дамуына жаңа серпін берді деп сенемін. Турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Туризм және спорт министрлігіне, Астана қаласының спорт басқармасына, Қазақстан хоккей федерациясына, Sport Qory және CCM компанияларына шынайы алғысымды білдіремін», - деді Қазақстан Пара хоккей федерациясының бас хатшысы Қайрат Сабиров. 

Турнир қорытындысы бойынша алғашқы екі орын алған құрамалар келесі маусымда А тобына жолдама алса, соңғы орын иеленген команда С тобына түседі. Сонымен қатар, Астанада өткен бұл чемпионат Милан–2026 XIV қысқы Паралимпиада ойындарына іріктеу турниріне берілетін екі жолдаманы сарапқа салатын маңызды кезең болды. Іріктеу турнирі 2025 жылдың 5–10 қарашасында Норвегияның Йессхейм қаласында өтеді.
Фото: "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы РМҚК