457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді

Жарысқа Италия, Жапония, Швеция, Қазақстан, Франция және Финляндия құрамалары қатысады.

6-11 қыркүйегі аралығында Астанада пара хоккейден (B-пул) әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарысқа Италия, Жапония, Швеция, Қазақстан, Франция және Финляндия құрамалары қатысады. Турнир айналмалы жүйе форматында жалғасады. Жарыстың қорытындысы бойынша алғашқы екі орынды иеленген командалар A тобына өтсе, соңғы орын алған құрама C тобына түседі.

Сондай-ақ, Астанада өтетін бұл біріншілікте Милан - 2026 XIV қысқы Паралимпиада ойындарына іріктеу турниріне берілетін екі жолдама сарапқа салынады. Іріктеу жарысы 2025 жылдың 5–10 қарашасы аралығында Норвегияның Йессхейм қаласында өтеді.

Бұл жарыста Паралимпиадаға тікелей жолдама алатын құрамалар анықталады. Пара хоккейден әлем чемпионаты Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Sport Qory және «Самұрық Қазына» АҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Фото: Спорт комитеті