457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада Eurasia Jastar Cup жасөспірімдер турнирі өтеді

2-5 ақпан аралығында Астанада Eurasia Jastar Cup халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кубок үшін Ресейдің U16, Беларусьтің U18 және Қазақстанның U18 жасөспірімдер құрамалары тартысқа түседі. Сонымен қатар жарысқа Ресейдің қыздар құрамасы да қатысады. Командалар бұған дейін қараша айында Минск қаласында өткен Президенттік спорт клубы кубогі аясында кездескен болатын. Сондай-ақ Eurasia Jastar Cup аясында 3х3 форматындағы турнир де ұйымдастырылады.

Барлық матчтар «Барыс Аренаның» Б блогында өтеді, кіру тегін.

Жарысқа дайындық аясында команданың кеңейтілген құрамы 27 қаңтар күні жиналады, ал 28 қаңтардан бастап оқу-жаттығу жиындары басталады. Бұл турнир біздің жасөспірімдер үшін сәуір айында Польшада өтетін А дивизионының бірінші дивизионындағы әлем чемпионатына дайындық кезеңдерінің бірі болмақ.

Eurasian Jastar Cup турнирі алғаш рет 2023 жылы өткен болатын, сол кезде жарыстың жеңімпазы Ресейдің U16 құрамасы атанды.

 

 

Фото: Хоккей федерациясы