Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы екінші ракеткасы Александр Шевченко Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіліс тапты, деп жазады malimsports.kz.
Әлемдік рейтингте 100-орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 85-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен кездесті.
Матч үш сетке созылып, Шевченконың 4:6, 6:3, 3:6 есебімен жеңілуімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 55 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр төрт эйс жасап, екі рет қос қателікке жол берді және өзі иеленген үш брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Александр Шевченко Швейцариядағы турнирдегі өнерін жартылай финал кезеңінде аяқтады. Соған қарамастан, ол рейтингтік қоржынына қосымша ұпай жинап, ATP рейтингінің жаңартылған нұсқасында 16 сатыға жоғарылайды.
Фото: ҚТФ