Мәзір
Шахмат

Women’s Speed Chess-2026: Бибісара Асаубаева ширек финалға шықты

Сабина Асқарқызы 61 қаралым
Women’s Speed Chess-2026: Бибісара Асаубаева ширек финалға шықты

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Women’s Speed Chess Championship 2026 беделді онлайн турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды  malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

1/8 финалда қазақстандық гроссмейстер Өзбекстан өкілі Афруза Хамдамованы жалпы 10,5:3,5 есебімен жеңіп, жарыстың ширек финалына жолдама алды.

Асаубаева матчтың барлық үш кезеңінде қарсыласынан басым түсті. 5+1 уақыт бақылауындағы блицте 3,5:1,5 есебімен жеңіске жетсе, 3+1 форматында 4:1 есебімен басым болды. Ал 1+1 форматындағы пулда да Хамдамоваға мүмкіндік бермей, 3:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Бибісара Асаубаева матчты 10,5:3,5 есебімен аяқтап, Women’s Speed Chess Championship 2026 турнирінің ширек финалында чемпиондық атақ үшін күресін жалғастырады.

Бұған дейін Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте бірінші болуды мақсат етіп отырғанын мәлімдеген болатын.

Фото: Sports.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар