Cairns Cup: Бибісара Асаубаева шешуші турда әлемнің бұрынғы чемпионымен кездеседі
Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан беделді Cairns Cup 2026 турнирінің жетінші турында жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Үш дүркін блицтен әлем чемпионы ақ тастармен ойнап, Грекия өкілі Ставрула Цолакидуды жеңді. Осы нәтижеден кейін қазақстандық шахматшы 4,5 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді.
Турнирдің жеңімпазы соңғы, сегізінші турда анықталады. Шешуші партияда Бибісара Асаубаева жарыс көшбасшысы, Қытайдың тәжірибелі шахматшысы Тань Чжунъимен кездеседі. Қазіргі таңда оның еншісінде 5,5 ұпай бар.
Тань Чжунъи – 2017-2018 жылдары әйелдер арасындағы әлем чемпионы атанған, әлемдік шахматтың үздік өкілдерінің бірі.
Айта кетейік, Cairns Cup 2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құрайды.
Фото: ҚШФ
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған