457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бибісара Асаубаева Өзбекстанда өтетін шахмат олимпиадасына қатысатын болды

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) 2026 жылғы 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының ресми тізімін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлемнің үздік шахматшылары бас қосатын жарыс 15-27 қыркүйек аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтеді.

Ұлттық құраманың сапына ересектер арасындағы әлемдік рейтингте 5-орында тұрған Бибісара Асаубаева, жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингтің 2-орнындағы Алуа Нұрман, 4-орындағы Меруерт Камалиденова, сондай-ақ Эльназ Қалиахмет пен Зарина Нұрғалиева енді.

Халықаралық рейтингтік көрсеткіштерге сәйкес, Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында төртінші нөмірмен сынға түседі. Бұл көрсеткіш командаға турнирдің басты фавориттерінің бірі ретінде қарауға мүмкіндік береді.

 

Фото: instagram/bibisarachess