457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық шахматшылар блицтен әлем чемпионатының ширек финалына жете алмады

Гонконгте шахматтан 2026 жылғы командалық әлем чемпионаты аясындағы блиц турнирі басталды.

Қазақстандық шахмат командалары блицтен әлем чемпионатының ширек финалына бір қадам жетпей тоқтады, деп хабарлайды malimsports.kz

Гонконгте шахматтан 2026 жылғы командалық әлем чемпионаты аясындағы блиц турнирі басталды. Алдын ала кезең қорытындысы бойынша қазақстандық KazChess және Barys.kz командалары плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын.

Алайда қос команда да 1/8 финалда қарсыластарына есе жіберіп, жүлде үшін күресті тоқтатты.

KazChess құрамында қазақстандықтар Бибісара Асаубаева, Қазыбек Нөгербек, Алдияр Ансат, Меруерт Камалиденова және әуесқой шахматшы Құмар Түліпов, сондай-ақ ресейлік Александр Грищук, әзербайжандық Шахрияр Мамедьяров, венгриялық Рихард Раппорт пен қытайлық Ван Хао өнер көрсетті.

Ал Barys.kz командасының намысын Денис Махнев, Рамазан Жалмаханов, Даниял Сапенов, Ерғали Сүлеймен, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман және әуесқой шахматшы Айлин Зарқым қорғады. Команда сапында ресейлік Петр Свидлер мен Дмитрий Андрейкин де болды.

Сонымен қатар ширек финалға қазақстандық әуесқой шахматшы Мұрат Омаров тіркелген Hexamind Chess Team командасы жолдама алды. Бұған дейін ол осы ұжыммен бірге рапидтен командалық әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған еді.

Командалық әлем чемпионатының блиц бағдарламасындағы шешуші плей-офф кездесулері 21 маусым күні өтеді.

Фото: Ашық дереккөзден