457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық шахматшылар Азия чемпионатында 33 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Орталық және Солтүстік Азияның жастар арасындағы шахмат чемпионатында 33 медаль (13 алтын, 11 күміс және 9 қола) жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыс бағдарламасына классикалық шахмат, рапид және блиц түрлері енді. Классикалық шахматта қазақстандықтар 7 медаль иеленді. Оның төртеу – алтын.

Чемпион атанғандар қатарында Данис Қуандықұлы (O18), Мария Холявко (G20), Ернұр Ержанұлы (O14) және Иманғали Ақылбай (O20) бар. Сондай-ақ Фатима Қазбекқызы (G10) мен Ақнұр Мамақова (G14) күміс, Альрами Мұқашев (O12) қола медаль жеңіп алды. Бұдан бөлек, Данис Қуандықұлы халықаралық шебердің үшінші нормасын орындады.

Блиц бағдарламасында Қазақстан құрамасы 17 жүлдеге қол жеткізді. Бұл сында Данис Қуандықұлы (O18), Мария Холявко (G20), Нұрислам Сұлтанхан (O10), Алихан Назарбек (O12), Ерлан Тлеуханов (O20) және Альбина Қайырбекова (G14) чемпион атанды.

Күміс жүлдені Әлинұр Бауыржан (O8), Александр Смелов (O10), Юрий Пак (O12), Адижан Есенғали (O16), Иманғали Ақылбай (O20), Ақнұр Мамақова (G14) және Малика Жаппарбекова (G18) иеленсе, қола медаль Әлинұр Бауыржан (O8), Санжар Бақытжанұлы (O14), Алтынбек Құсайын (O16) және Бибісара Ержанға (G14) бұйырды.

Рапид сайысында қазақстандық шахматшылар 9 медаль жеңіп алды. Чемпион атанғандар – Әлихан Сағынтаев (O10), Юрий Пак (O12) және Бибісара Ержан (G14). Күміс жүлделерді Әлинұр Бауыржан (O8), Нұрислам Сұлтанхан (O10) және Алдияр Жарас (O14) еншілесе, қола медальдарды Нармина Асылбекқызы (G8), Ақниет Күмісбай (G10) және Айлин Зарқым (G16) жеңіп алды.

Айта кетейік, чемпионат 1-8 шілде аралығында Қырғызстанда өтті. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейден 479 жас шахматшы қатысты.

 

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы