Қазақстандық шахматшы Бразилиядағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстандық гроссмейстер Әлішер Сүлейменов Бразилияның Матиньюс қаласында өткен X Torneio Internacional de Xadrez SESC Caiobá халықаралық шахмат турнирінде үздік атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарысқа Оңтүстік Американың жетекші шахматшыларын қоса алғанда, 150-ден астам спортшы қатысты. Турнир классикалық шахмат, рапид және блиц бойынша өткізілді.
Классикалық шахмат бәсекесінде Әлішер Сүлейменов тоғыз партияның сегізінде жеңіске жетіп, 8 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Турнир барысында қазақстандық шахматшы гроссмейстерлер Аксель Бахман, Луис Паулу Супи және Яго Сантьягомен кездесіп, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті.
Ал классикалық шахмат, рапид және блицтің жиынтық нәтижесі бойынша анықталған жалпы есепте Сүлейменов күміс жүлдеге ие болды. Бұл көрсеткіш бойынша ол тек бразилиялық гроссмейстер Александр Фиерге жол берді.
Айта кетейік, SESC Caiobá фестивалі Бразилиядағы ең беделді халықаралық шахмат турнирлерінің бірі саналады. Биыл жарыс оныншы рет ұйымдастырылды.
Фото: ҚШФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған