457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бибісара Асаубаеваға шахматтағы жетістігі үшін қанша қаражат төленді?

Шахматшы үшін 2026 жыл басынан бері 210 миллион теңге бөлінген.

Белгілі спорт журналисі Аян Төлеген қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваға спорттағы жетістіктері үшін төленген қаржы сомасы туралы жазды, деп хабарлайды malimsports.kz

Ол өз жазбасында Қазақстан спортына кейбіреулердің түбі жоқ қаржы көзі секілді қарайтынын алға тартып, бірнеше мысал келтірген. 

"Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың, Қазақстан шахмат федерациясы өкілдерінің және журналистердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Сонда белгілі болғаны мынау. Соңғы үш жыл ішінде Бибісара Асаубаеваға жалпы көлемі 700 миллион теңге қаржылық қолдау көрсетілген", - деді ол. 

Белгілі болған дерек бойынша отандық шахмат шеберіне спорт пен туризмді қолдау қоры арқылы соңғы үш жылда қомақты қаржы берілген көрінеді. Мәселен: 

2024 жылы – 64 миллион теңге (131 мың АҚШ доллары),

2025 жылы – 79 миллион теңге (162 мың АҚШ доллары),

ал биылғы жылдың алғашқы жартысында – 210 миллион теңге бөлінген екен. 

"Қаржы көлемінің өсу қарқынына қарап, еріксіз таңғаласың. Бұдан бөлек, түрлі сыйақылар да бар. Бірақ олардың көлемі жоғарыдағы сомалармен салыстырғанда «қалта шығыны» секілді көрінеді. Мәселен, өткен жылы әлем чемпионы атанғаны үшін Бибісараға арнайы 25 миллион теңге көлемінде сыйақы төленген. Ал Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов тарапынан көрсетілетін қолдау туралы тіпті сөз қозғамай-ақ қояйын", - деп жазды спорт журналисі. 

Айта кететін жайт, баспасөз мәслихатында журналистердің бірі Бибісара Асаубаеваның азаматтығын қайта ауыстыруы мүмкін деген мәселеге қатысты сұрақ қойылған еді.  Сонымен бірге, оның өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровпен достық қарым-қатынасы аясында бұл тақырып қайта көтерілді.

Фото: Ашық дереккөзден