457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бибісара Асаубаева өзбек шахматшысымен Парижде демалып жүр

Спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровпен бірге түскен суреттерін жариялады

Қазақстандық танымал шахматшы, блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Еуропадағы ең әйгілі демалыс орындарының бірі – Диснейленд Париж саябағында уақыт өткізді.

Спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровпен бірге түскен суреттерін жариялады. Фотоларда жас шахматшылар Париждегі әйгілі ойын-сауық саябағында серуендеп, бірге суретке түсіп, жылы қарым-қатынастарын жасырмағаны байқалады.

Асаубаева жазбасында: «Бала бақытты. Сіздердің сүйікті мультфильмдеріңіз қандай? Менікі, бәлкім, «Арыстан патша» мен «Рататуй», – деп жазды.

Айта кетейік, бұған дейін Бибісара Асаубаева Қазақстан шахмат федерациясы мен ҚР Туризм және спорт министрлігінің басшылығын сынға алып, Мемлекет басшысына үндеу жасағаннан кейін қоғам назарында болған еді.

Ал Жавохир Синдаров Азиядағы ең дарынды жас шахматшылардың бірі саналады. Ол 2018 жылы 12 жасында гроссмейстер атанып, тарихтағы ең жас гроссмейстерлер қатарына енді. Сондай-ақ 2022 жылы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы жарысында Өзбекстан құрамасымен бірге алтын медаль жеңіп алды.

Фото: әлеуметтік желі