Бибісара Асаубаева FIDE Excellence Awards сыйлығына үміткер атанды
Қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) белгілеген алғашқы FIDE Excellence Awards сыйлығына үміткер ретінде тіркелді, деп жазады malimsports.kz.
Қазақпараттың жазуынша, 22 жастағы спортшы «Үздік шахматшы» санатында ұсынылды.
Асаубаевамен қатар, марапатқа үміткерлер қатарында әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь, Александра Горячкина, Хампи Конеру, Тань Чжунъи, Лэй Тинцзе, Анна Музычук, Дивья Дешмух, Вайшали Рамешбабу және Чжу Цзиньэр бар.
Жеңімпаздарды арнайы сарапшылар комитеті анықтайды. FIDE Excellence Awards сыйлығының алғашқы салтанаты 2026 жылдың қыркүйегінде Самарқандта өтеді.
Үміткерлердің толық тізімін FIDE ресми сайтынан көруге болады.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған