Бибісара Асаубаева әлемнің үздік бес шахматшысының қатарындағы орнын сақтап қалды
Халықаралық шахмат федерациясы 2026 жылдың тамыз айына арналған жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
22 жастағы қазақстандық шахматшы, блицтен үш дүркін әлем чемпионы, рапидтен әлемнің вице-чемпионы және Азия чемпионы Бибісара Асаубаева 2538 рейтингтік ұпаймен әлемдік рейтингтегі бесінші орнын сақтап қалды.
Қазақстандық шахматшы FIDE рейтингінің үздік бестігіне алғаш рет 2026 жылдың шілде айында Норвегиядағы беделді Norway Chess Women турнирінде жеңіске жеткеннен кейін енген болатын.
Бұған дейін Асаубаева FIDE Excellence Awards сыйлығының «Әлемнің үздік шахматшысы» аталымына үміткерлер қатарына қосылған еді.
Сонымен қатар әлемнің үздік 100 шахматшысының қатарына Қазақстанның тағы төрт өкілі енді:
Алуа Нұрман – 24-орын (2442 ұпай);
Меруерт Камалиденова – 46-орын (2400 ұпай);
Лия Құрманғалиева – 76-орын (2361 ұпай);
Амина Қайырбекова – 84-орын (2354 ұпай).
Фото: ҚШФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған