457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте алғаш рет үздік бестікке енді

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) жаңартылған әлемдік рейтингінде алғаш рет үздік бес шахматшының қатарына қосылды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Шілде айына арналған рейтингке сәйкес, 22 жастағы қазақстандық гроссмейстер 2538 рейтингтік ұпай жинап, алдыңғы тізіммен салыстырғанда екі саты жоғарылап, бесінші орынға тұрақтады.

Бұл – Асаубаеваның кәсіби мансабындағы ең жоғары көрсеткіш. Осылайша ол алғаш рет әйелдер арасындағы әлемнің үздік бес шахматшысының қатарына енді.

Әлемдік рейтингтің көшін Қытайдың Хоу Ифань бастап тұр. Ал үздік бестікке сондай-ақ қытайлық шахматшылар Чжу Цзиньэр, Лэй Тинцзе және қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь енген.

Бибісара Асаубаева биыл жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Маусым айында ол беделді Norway Chess Women 2026 турнирінің жеңімпазы атанып, FIDE-нің 2026-2027 жылдарға арналған әйелдер арасындағы циклінің жалпы есебінде көш бастады. Бұл жетістік қазақстандық шахматшының үміткерлер турниріне жолдама алу мүмкіндігін айтарлықтай арттырды.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева – блиц пен рапидтен әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен Қазақстан тарихындағы ең табысты шахматшылардың бірі саналады.

 

Фото: Kazchess.kz