457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Басқа бағытты ұстанатын сияқты": Бибісара Асаубаева министрлік жауабына қатысты пікір білдірді

Пікір білдірген шахматшы өзінің еңбегіне орай президент қолынан жоғары марапаттарды алғанын мысалға келтірді.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева спорт және туризм министрлігінің өзінің үндеуіне қатысты айтқан пікірінен кейін жауап берді, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл туралы шахматшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады

"Мен Спорт министрлігінің ресми жауабын мұқият оқып шықтым. Онда: «Шахмат басым спорт түрлерінің қатарына жатпайды» делінген.Шынымды айтсам, осы сөйлемді бірнеше рет қайта оқыдым. Жуырда ғана Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің стратегиялық бағытын айқындап: «Күшті ұлт – күшті интеллектіден басталады. XXI ғасырда басты ресурс – шикізат емес, білім», – деген болатын. Әлемнің дамыған елдерінде шахмат жай ғана спорт емес. Ол – стратегиялық ойлау, интеллектуалдық капитал және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі", - деді шахматшы. 

Пікір білдірген шахматшы өзінің еңбегіне орай президент қолынан жоғары марапаттарды алғанын тілге тиек еткен. 

Егер шахмат басымдыққа ие спорт түрі болмаса, онда қарапайым сұрақ туындайды: Президент мені қандай еңбегім үшін II және III дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапаттады? Бүгінде мен әлемдік рейтингте 5-орында тұрмын. Спорт министрлігінің жауабынан шығатын қорытынды қарапайым: еліміздің интеллектуалдық болашағына шенеуніктер емес, менің ата-анам инвестиция салып, қолдау көрсеткен нағыз патриоттар болып шықты. Қазақстанның болашағын интеллект, білім, ғылым және адами капиталдың сапасы айқындайды. Сондықтан маңызды сұрақ туындайды: Спорт министрлігінің ұстанымы Президент белгілеген бағытқа қаншалықты сәйкес келеді? Өйткені шахматқа деген көзқарас – интеллектіге деген көзқарас.Ал интеллектіге деген көзқарас – елдің болашағына деген көзқарас. Сірә, Спорт министрі басқа бағытты ұстанатын сияқты", - деді ол. 

Естеріңізде болса, туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Бибісара Асаубаева жыл басынан бері жоғары сомада қаржы берілгенін, сонымен бірге, федерация тарапынан да қомақты ақша төленгенін айтқан еді. 

Фото: Ашық дереккөзден